Han-Täñırı FK - 2022 жылы Алматы қаласында құрылған жеке меншік футбол клубы. Өзінің спорт әлеміндегі алғашқы жылында футболдан Қазақстан Екінші Лигасының чемпионы атанып, Бірінші лигаға жолдама алды
Бірінші лигаға көтерілу арқылы клубқа бәсекелестіктің жоғары деңгейінде өз қабілеттерін дамыту және көрсету үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Бұл жетістік аймақтағы футболға көбірек назар аудартып қана қоймай, жас ойыншыларды шабыттандырды.
Қазіргі таңда «Han-Täñırı» ФК бірегей инфрақұрылымға ие. «Han Täñırı» стадионы шығысында Есентай өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесі, оңтүстігінде әл-Фараби көшесімен қиылысып жатыр, сыйымдылығы - 2670 көрермен. Дәл осы жерде «ақ-көктер» өз ойындары өткізеді. Стадион 2024 жылы «Han-Täñırı» - «Жетісай» ойынымен ашылды.